Astana Lastest news

Испания Вуэльтасы. 16-кезең. Якоб Фульсанг Альто де ла Кубильяда жеңіске жетті, Мигель Анхель Лопес шабуылға шықты

Бүгін, «Испания Вуэльтасының» 16-кезеңінде 18 шақырымдық Альто де ла Кубилья асуының шыңында Якоб Фульсанг Гранд-турлардағы өзінің алғашқы жеңісіне жетті. Фульсанг пен Луис Леон Санчес екеуі көшбасшы топ арасына ілігіп, финишке дейін жетті. «Астана» шабандоздары командалық тактиканы тамаша орындап шықты. Санчес жойқын шабуылға шығып, көшбасшы топты сейілтті. Ал Фульсанг финишке шамамен 5 шақырым қалғанда қарсыластарының барлығын артқа тастап, алға озды. Нәтижесінде Якоб Фульсанг жеңіске жетіп, Луис Леон Санчес мәреге 3-болып келді.

Жеңіске жеткеніме қуаныштымын! Ақырында Гранд-турдың кезеңінде жеңіске қол жеткіздім. Бұл менің сәтті маусымымның тамаша жалғасы болды. «Тур де Франстағы» сәтсіздіктен кейін «Вуэльтада» қайта жоғары дәрежеге оралғаныма қуаныштымын. Бүгін біз Луис Леон Санчеспен бірге алға озуды жоспарлағанбыз.  Негізі мен кеше де талпынып көрдім. Бірақ қолымнан келмеді. Ал енді барлығы да орындалды. Таңертең бүгінгі кезеңге арналған жоспарды талқылағанбыз. Егер алға озып жатсақ жеңіс үшін таласамыз. Ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда соңғы асуда Мигель Анхельге көмектесеміз деп шештік. Финалдық асуда көмек көрсеткен Луис Леонға алғысым шексіз. Финишке 9 шақырым қалғанда ол жойқын шабуылға шықты. Содан кейін біз 5 шабандоздан құралған топта болдық. Луис Леон алдыңғы шепте жұмыс атқаруын одан әрі жалғастырды. Ал тік асуға жеткенде мен шабуылға шықтым және соңымнан тек  Брамбилла ғана ілесті. Кейінірек, финишке 5 шақырым қалғанда тағы да шабуылға шықтым. Бұл жолы мен жалғыз өзім алға оздым. Жеңістен сондай тамаша әсер алдым. Мұның барлығы да менің Әлем чемпионаты мен маусымның финалына дайындық барысында дұрыс бағытта келе жатқанымды дәлелдейді. Алайда біздің осы жарыстағы ең басты мақсатымыз ол Мигель Анхель Лопестің жеңіс тұғырына шығуы үшін көмек көрсету. Ол үшін бар күшімді салуға дайынмын. Алда қиын екі кезең бар. Сондықтан жеңіс үшін күресуді одан әрі жалғастырамыз, - деді Якоб Фульсанг.

Жарыс Правиядан жоғары жылдамдықпен басталды. Құрамында «Астананың» екі өкілі – Якоб Фульсанг пен Луис Леон Санчес бар, 17 шабандоздан құралған топ алға озды. Көшбасшылар негізгі топтан 9 минуттай басымдылыққа ие болды. Және осы уақыт айырмашылығы жеңіс үшін өзара таласқа түсуге жеткілікті болды. Қазақстандық команданың екі шабандозы өз жоспарларын тамаша орындап, нәтижесінде жеңіспен және жүлделі орынмен аяқталды.

Көшбасшы тотан кейінгі «Астананың» қалған бөлігі де жақсы өнер көрсетті. Альто де ла Кубильяның алғашқы шақырымдарында Мигель Анхель Лопестің шабуылынан соң Омар Фраиле, Дарио Катальдо және Йон Исагиррелер алға озып, пелотонда сұрыптау жүргізді. Қарсыластары жауап қатып отырғандарымен, олар қайта-қайта шабуылға шығып отырды. Нәтижесінде Лопес Алехандро Вальверде мен Наиро Кинтананы артқа тастап, финишке Тадей Погачар және Примож Рогличпен бірге келді. Екінші демалыс күнінің алдында Роглич «Вуэльтаның» жалпы есебі бойынша көш бастады. Вальверде 2-орында және оның көшбасшыдан уақыт айырмашылығы 2 минут 48 секундты құрайды. Погачар 3-орында (+3.42), Лопес 4-орында (+3.59) келеді.

Ертең «Астана» командасы Бургоста екінші демалыс күнін өткізеді.

Photo credit: © Getty Images   

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
GIDICH GRUZDEV MEMORIAL MARCO PANTANI LUTSENKO MARTINELLI TROFEO MATTEOTTI COPPA SABATINI BIZHIGITOV STALNOV GIRO DELLA TOSCANA VUELTA A ESPANA LOPEZ VINOKUROV GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL HOULE BILBAO GREGAARD CORT ZANINI ARANBURU GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC COPPA AGOSTONI COPPA BERNOCCHI SHEFER GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL FUGLSANG GRAND PRIX DE FOURMIES DE VREESE SEDOUN BRUSSELS CYCLING CLASSIC BALLERINI GP DE FOURMIES BOARO LOPEZGORKA IZAGIRRE KUDUS DEUTSCHLAND TOUR BRETAGNE CLASSIC Натаров BAZAYEV VILLELLA BOHORQUEZ CONTRERAS TOUR OF ALMATY VLASOV EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCKBANK TOUR ARCTIC RACE OF NORWAY FOFONOV ARCTIC RACE ON NORWAY TEJADA TOUR DE POLOGNE ION IZAGIRRE BINCK BANK TOUR PRONSKIY CLASSIC CICLISTA SAN SEBASTIAN GORKA IZAGIRRE FRAILE ADRIATICA IONICA RACE TOUR DE FRANCE IZAGIRRE SANCHEZ TOUR DE SUISSE HIRT ZEITS MICHAELSEN CRITéRIUM DU DAUPHINé FOMINYKH BALOISE BELGIUM TOUR CRITERIUM DU DAUPHINE TOUR OF NORWAY GIRO D'ITALIA CATALDO FOOD & LIFE AMGEN TOUR OF CALIFORNIA DAVIDE BALLERINI JONAS GREGAARD HUGO HOULE INFINITY BIOTECH ARGON 18 TOUR DE ROMANDIE ESCHBORN-FRANKFURT LIEGE-BASTOGNE-LIEGE JAKOB FUGLSANG OMAR FRAILE TOUR OF THE ALPS LA FLECHE WALLONNE YAKOVLEV AMSTEL GOLD RACE PARIS-ROUBAIX PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY ITZULIA BASQUE COUNTRY TOUR DES FLANDRES LAURENS DE VREESE GRAN PREMIO MIGUEL INDURAIN RONDE VAN VLAANDEREN A TRAVERS LA FLANDRE ZHANDOS BIZHIGITOV INTERVIEW WORLD TOUR RECORD DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS E3 BINCKBANK CLASSIC MAGNUS CORT DRIEDAAGSE BRUGGE-DE PANNE DMITRIY GRUZDEV GREGAARD WILSLY MILANO-SANREMO TIRRENO-ADRIATICO ALEXEY LUTSENKO PARIS-NICE DARIO CATALDO LUIS LEON SANCHEZ MIGUEL ANGEL LOPEZ ASTANA PRO TEAM STRADE BIANCHE TOUR DU RWANDA KUURNE-BRUSSELS-KUURNE OMLOOP HET NIEUWSBLAD UAE TOUR OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE NIKITA STALNOV MERHAWI KUDUS VUELTA A ANDALUCIA TOUR OF RWANDA TOUR OF OMAN TOUR DE LA PROVENCE CLASICA DE ALMERIA CENGHIALTA TOUR COLOMBIA 2.1 VUELTA CICLISTA A MURCIA ARBERAS CLASICA ALMERIA VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA SIXTUS ITALIA PELLO BILBAO RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI GREE-TOUR OF GUANGXI VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA GRAN PIEMONTE TRE VALLI VARESINE MILANO-TORINO GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES VALGEN VUELTA A BURGOS NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE L'AIN SANGEMINI LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA FLECHE WALLONNE SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE MASSIGEN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN RUTA DEL SOL TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV ALEXANDR VINOKUROV LARS MICHAELSEN VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners