Astana Lastest news

Критериум дю Дофине. 2-кезең. Якоб Фульсанг мәреге үшінші болып келді, Алексей Луценко жасыл жейдеге ие болды

«Астана» командасы«Критериум дю Дофине» көпкүндігінің 2-кезеңін белсенді өткізді. Алдымен Горка Исагирре, ал одан кейін бірнеше рет болған шабуылдардың нәтижесінде Қазақстан чемпионы Алексей Луценко алға озған топтың қатарына қосылды. 

Жарыс жолының финалдық шақырымдарында Луценко Якоб Фульсангқа көмек көрсету үшін фавориттер тобына қосылды. Нәтижесінде Фульсанг өз тобындағы екі шабандоздың ізімен мәреге дейін жетіп, жүлделі орынға ие болды. Луценко жарысты 6-болып аяқтап, «Критериум дю Дофиненің» ұпай классификациясының көшбасшысы атанды және жасыл жейдеге ие болды.  

- Жарыс басталғанға дейін біз бүгінгі кезеңде үлкен іріктеу болады деп күткен едік. Бірақ кезең қиынға соқты. Және соңғы асуға жеткенде тек бірнеше шабандоз ғана алдыңғы шепте болды. Көшбасшылар арасында болғаныма қуаныштымын. Алдыңғы шептегі екі шабандозды қуып жетеміз деп ойладым. Себебі Алексей Луценконың жеңіске деген мүмкіндігі зор болатын. Ол маған финалдық спринтте көмек көрсетті. Нәтижесінде жалпы есеп бойынша бірнеше секунд ұтып алдым. Жалпы команданың жұмысына көңіліміз толады. Барлығы да өте жақсы жұмыс атқарды. Жігіттер маған қажетті уақытта көмек көрсетті. Сол себепті шабуылдардың барлығына жауап беріп отырдым, - деді Якоб Фульсанг.

- Бүгін аяғым жақсы жұмыс атқарды. Шабуылға шыққанда жеңіс үшін таласамыз деп ойладым. Бірақ соңғы асуда менің алдымда келе жатқан шабандоз Тенс пен Мартаннан кейін алға озып, арамыз алшақтап кетті. Және оны қуып жету мүмкін болмады. Соңына қарай Якоб Фульсангқа көмегім тигеніне қуаныштымын. Себебі біздің ең басты мақсатымыз жалпы есеп болатын. Ұпай классификациясының көшбасшысы боламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ, әрине ертеңгі жарыс күнін жасыл жейдемен бастайтыным тамаша болды, - деді Алексей Луценко.

«Критериум дю Дофиненің» 2-кезеңі Морияктан басталып, 180 шақырымнан кейін Крапон-сюр-Арзонда өз мәресіне жетті. «Астана» шабандозы Горка Исагиррені қоса есептегенде 13 шабандоздан құралған топ алға озды. Бірақ ол топта жалпы есептің бірнеше фавориттері болғандықтан пелотон жағдайды өз бақылауында ұстап, кейінірек оларды қуып жетті.

Жаңа көшбасшы топпен бірге Қазақстан чемпионы Алексей Луценко да алға озды. Бірақ соңғы асуға жеткенде Дилан Тёнс пен Гийом Мартан шабуылға шығып, басымдылққа ие болды. Нәтижесінде екеуі өзара таласқа түсіп, жеңіс Тёнске бұйырды.

Луценко жалпы есептің фавориттері қатарына қайта қосылды. Ол Якоб Фульсангқа қосымша бірнеше секундарды жеңіп алуға және жүлделі 3-орынға ие болуына көмектесті.

2-кезең қорытындысы бойынша Дилан Тёнс Францияда өтіп жатқан көпкүндіктің бас классификациясының көшбасшысына айналды. Ал Якоб Фульсанг 3-орынға, Алексей Луценко 4-орынға көтерілді.

«Критериум дю Дофиненің» жалпыкомандалық есебі бойынша «Астана» көш бастады.

Ертең велододаның 3-кезеңі өтеді. Ле-Пюи-ан-Веледен басталатын жарыс жолы 177 шақырымнан кейін Рьомда аяқталады.


Photo credit: © Getty Images

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
TOUR DE SUISSE HIRT SEDOUN BALLERINI ZEITS MICHAELSEN BIZHIGITOV CRITéRIUM DU DAUPHINé FUGLSANG LUTSENKO SANCHEZ CORT IZAGIRRE FOMINYKH BALOISE BELGIUM TOUR CRITERIUM DU DAUPHINE TOUR OF NORWAY GIRO D'ITALIA LOPEZ VINOKUROV BILBAO BOARO STALNOV GIDICH SHEFER CATALDO ZANINI MARTINELLI FOOD & LIFE AMGEN TOUR OF CALIFORNIA DAVIDE BALLERINI JONAS GREGAARD HUGO HOULE INFINITY BIOTECH ION IZAGIRRE DE VREESE ARGON 18 TOUR DE ROMANDIE KUDUS VILLELLA ESCHBORN-FRANKFURT CONTRERAS LIEGE-BASTOGNE-LIEGE JAKOB FUGLSANG OMAR FRAILE TOUR OF THE ALPS LA FLECHE WALLONNE GORKA IZAGIRRE BAZAYEV YAKOVLEV AMSTEL GOLD RACE PARIS-ROUBAIX PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY ITZULIA BASQUE COUNTRY FRAILE TOUR DES FLANDRES LAURENS DE VREESE GRAN PREMIO MIGUEL INDURAIN RONDE VAN VLAANDEREN A TRAVERS LA FLANDRE ZHANDOS BIZHIGITOV INTERVIEW WORLD TOUR RECORD DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS E3 BINCKBANK CLASSIC MAGNUS CORT DRIEDAAGSE BRUGGE-DE PANNE DMITRIY GRUZDEV GREGAARD WILSLY MILANO-SANREMO TIRRENO-ADRIATICO ALEXEY LUTSENKO PARIS-NICE DARIO CATALDO LUIS LEON SANCHEZ MIGUEL ANGEL LOPEZ FOFONOV ASTANA PRO TEAM STRADE BIANCHE TOUR DU RWANDA KUURNE-BRUSSELS-KUURNE GRUZDEV OMLOOP HET NIEUWSBLAD UAE TOUR OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE NIKITA STALNOV MERHAWI KUDUS VUELTA A ANDALUCIA TOUR OF RWANDA TOUR OF OMAN TOUR DE LA PROVENCE CLASICA DE ALMERIA CENGHIALTA TOUR COLOMBIA 2.1 VUELTA CICLISTA A MURCIA ARBERAS CLASICA ALMERIA VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA SIXTUS ITALIA PELLO BILBAO RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA GRAN PIEMONTE TRE VALLI VARESINE MILANO-TORINO GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA VUELTA A ESPANA GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE L'AIN SANGEMINI LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA FLECHE WALLONNE SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE MASSIGEN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN RUTA DEL SOL TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV ALEXANDR VINOKUROV LARS MICHAELSEN VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners