Astana Lastest news

Париж - Рубэ. «Астананың» белсенді жарысы

Францияда атақты «Париж – Рубэ» классикалық веложарысы өтті. Ол доданы «Солтүстіктің тозағы» деп те атайды. «Астана» командасының Дмитрий Груздев, Жандос Бижигитов, Даниил Фоминых және Магнус Корт сияқты бірнеше шабандоздары жойқын шабуылмен жарысты өте белсенді бастады. Олардың барлығы алға озуға тырысты. Кейіннен Давиде Баллерини көшбасшы топта болып, белсенді өнер көрсетті. Бірнеше мәрте шабуылға да шықты. Сонымен қатар Лауренс Де Вриз бен Уго Уль де көшбасшылар арасында болды.

Өкінішке орай жарыстың финалдық бөлігіне жеткенде Давиде Баллерини құлап, көп уақыт жоғалтып алды. Және көшбасшылар қатарына қайта қосыла алмай, мәреге 31-болып келді. «Астананың» тағы бір шабандозы Лауренс Де Вриз жарысты одан сәл ертерек, 25-болып аяқтады.

Бельгиялық шабандоз Филипп Жильбер «Париж – Рубэ» веложарысының жеңімпазы атанды.

- Өте ауыр күн болды. Ең бастысы барынша ұзағырақ алдыңғы қатарда болуға тырысу еді. Тастақты жолдың әрбір бөлігінде шабандоздар негізгі топтан бірте-бірте артта қалып отырды. Жылдамдықты бірқалыпты ұстай алмағандықтан шабандоздар жарыс жолында құлап, оған қоса велесебедтерінің дөңгелектері де тесілді. Ең қиын аймаққа жеткенде менің де велесебедімнің дөңгелегі тесіліп қалды. Қайта топқа қосылу үшін өте көп күш жұмсауға тура келді. Нәтижесінде финалда алдыңғы қатардағы топтың ізіне  түсіп, шабуылға шығуға мүлде күшім қалмады. Бұл өте ауыр «классикалық» кампания болды. Бірақ оған қарамастан жақсы сәттер де болды. Мысалы біздің жас шабандозымыз Давиде Баллерини өзін тамаша қырынан көрсетті, болашағынан зор үміт күттіретін жас велесебедші екенін дәлелдеді. Биылғы жылы жинақтаған тәжірибесі келесі маусымдарда оған септігін тигізеді деп ойлаймын, - деді Лауренс Де Вриз.

- Күні бойы өзімді өте жақсы сезіндім. Жарыс бойы алдыңғы қатарда жақсы позицияда болдым. Бірақ шешуші шабуыл орын алғанда негізгі топ тым ұзарып, мен қажетті жерден алыста қалып қойдым. Аралықты өз бетімше қысқартуға тырыстым. Алайда жеңіс үшін таласқа түскен топты қуып жете алмадым. Финалда біздің тобымыз көшбасшы топты қуып жетуге тырысты. Бұрылыстардың бірінде сәтсіз бұрылып, құлап қалдым. Өкінішке орай содан кейін осы велододадағы бар мүмкіндігім мен үшін ғайып болғандай болды. Көңілім қалды. Бәлкім менің«Париж-Рубэдегі» дебюттік жарысым мен ойлағандай жаман болмаған шығар. Алайда көп үміт күткен болатынмын. Себебі күшім жетерлік. Бұл мен үшін үлкен классикалық жарыстардан алған тағы бір сабақ, жаңа  тәжірибе болды. Осылардың  барлығы маған келесі жылға деген жігер сыйлады. Өз нәтижемді жақсартып, тағы да бағымды сынап көру үшін осында  қайта оралғым келеді, - деді Давиде Баллерини.

Біз жарыс басталмас бұрын Топ-30 шабандоз қатарынан табылуды жоспарлаған болатынбыз. Нәтижесінде Лауренс 25-орынға ие болды. Бірақ жарыстың қалай өрбігеніне қарайтын болсақ біз одан да жоғары нәтиже күттік. Себебі Баллерини расымен де өте жақсы өнер көрсетті. Дегенмен жігіттер 100 пайыз барын салды. Және қол жеткізген нәтижеміз қазірге ең жоғары көрсеткіш. Давиде үшін ең әуелі бұл жаңа тәжірибе болды. Және сол тәжірибені келесі жылы пайдалана алады. Классикалық жарыстарда оның болашағы зор деп ойлаймын, - деп қос кетті спорттық директор Ларс Михаэльсен.

 Photo credit: © Getty Images   

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
TOUR OF THE ALPS YAKOVLEV GIDICH AMSTEL GOLD RACE KUDUS PARIS-ROUBAIX DE VREESE BALLERINI PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY ITZULIA BASQUE COUNTRY ION IZAGIRRE FUGLSANG LOPEZ ARGON 18 LUTSENKO GORKA IZAGIRRE FRAILE TOUR DES FLANDRES HUGO HOULE LAURENS DE VREESE GRAN PREMIO MIGUEL INDURAIN SANCHEZ RONDE VAN VLAANDEREN A TRAVERS LA FLANDRE ZHANDOS BIZHIGITOV DAVIDE BALLERINI VINOKUROV INTERVIEW WORLD TOUR RECORD DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA SEDOUN GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS E3 BINCKBANK CLASSIC MAGNUS CORT DRIEDAAGSE BRUGGE-DE PANNE DMITRIY GRUZDEV GREGAARD WILSLY MILANO-SANREMO TIRRENO-ADRIATICO JAKOB FUGLSANG ALEXEY LUTSENKO PARIS-NICE DARIO CATALDO LUIS LEON SANCHEZ MIGUEL ANGEL LOPEZ FOFONOV ASTANA PRO TEAM STRADE BIANCHE TOUR DU RWANDA CONTRERAS KUURNE-BRUSSELS-KUURNE GRUZDEV OMLOOP HET NIEUWSBLAD UAE TOUR STALNOV OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE HIRT NIKITA STALNOV MERHAWI KUDUS VUELTA A ANDALUCIA BILBAO TOUR OF RWANDA TOUR OF OMAN TOUR DE LA PROVENCE CLASICA DE ALMERIA CENGHIALTA TOUR COLOMBIA 2.1 VUELTA CICLISTA A MURCIA ZANINI ARBERAS CLASICA ALMERIA VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA IZAGIRRE SIXTUS ITALIA PELLO BILBAO OMAR FRAILE RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE MICHAELSEN MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ ZEITS GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE VILLELLA VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA CATALDO GRAN PIEMONTE TRE VALLI VARESINE FOMINYKH MILANO-TORINO GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA VUELTA A ESPANA GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL BIZHIGITOV GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CORT CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS BOARO TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE SUISSE CRITéRIUM DU DAUPHINé CRITERIUM DU DAUPHINE BALOISE BELGIUM TOUR GIRO D'ITALIA TOUR DE L'AIN SANGEMINI LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR DE ROMANDIE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA LIEGE-BASTOGNE-LIEGE FLECHE WALLONNE LA FLECHE WALLONNE BAZAYEV SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE MASSIGEN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT SHEFER ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN RUTA DEL SOL TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI AMGEN TOUR OF CALIFORNIA MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV MARTINELLI ALEXANDR VINOKUROV LARS MICHAELSEN VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners