Astana Lastest news

Йон Исагирре «Баск елдері туры 2019» велододасының жеңімпазы

Бүгінгі күн Йон Исагирре мен «Астана» командасы үшін сәтті күн болды. Эйбар қаласында өткен «Баск елдері туры» көпкүндігінің 6-кезеңінде финишке 67 шақырым қалғанда Йон Исагирре мен Якоб Фульсангтың жасаған шабуылы «Астана» капитанына велододаның бас классификациясының қорытындысы бойынша жеңімпаз атануға себепкер болды.

- Мен бақыттымын! Бұл мен үшін ерекше жеңіс болды. Көптеген жеңіс тұғырларынан кейін осы велододаны жеңіп алдым. Мен үшін өте маңызды күн. Себебі бұл жарыс өз елімде өтті. Маған және командаға қолдау көрсету үшін отбасым, достарым келді. Осындай тамаша жеңісті олармен бірге бөліскенім үшін өте қуаныштымын! – деді фиништен кейін Йон Исагирре. 

Кеше Аррате асуына дейін өткен патшалық кезеңнен кейін «Астана» командасы жалпы есептегі жағдайды түбегейлі өзгерту үшін бүгін шабуылдауға сақадай сай болды.

«Баск елдері турының» 6-кезеңі Эйбар қаласында толассыз шабуылдармен басталып, нәтижесінде 18 шабандоздан тұратын көшбасшы топ құрылды. Ол топ пелотоннан шамамен 1 минуттай басымдылыққа ие болды. Алайда, сәл кейінірек «Астана» командасының шабандоздары пелотонды алға бастап, өте жоғары жылдамдықпен жүрді. Қысқа, бірақ айтарлықтай тік орналасқан Кальбарио мен Элькорриета асуларын жылдам жүріп өткеннен кейін пелотон көшбасшы топты бірден қуып жетті. Дәл сол сәтте Якоб Фульсанг жойқын шабуылға шығып, Йон Исагирре оның соңынан ілесті. Кейінірек Адам Йейтс, Дэн Мартин мен Тадей Погачарлер оларға келіп қосылды. Бұл топ негізгі топтан 1 минуттан аса уақыт басымдылыққа ие болды. Көшбасшы топтағы шабандоздар бірден тіл табысып, бірге жақсы жұмыс атқарды. Ал  Якоб Фульсанг басымдылығын сақтап қалу үшін Йон Исагирреге керемет қолдау көрсетті. Финишке 3 шақырым қалғанда Адам Йейтс шабуылға шығып, кезең жеңімпазы атанды. Ал одан 1 секундтан кейін кезеңді аяқтаған Дэн Мартин 2-орын, Якоб Фульсанг 3-орын және Йон Исагирре 4-орын иеленді. Осы нәтиженің өзі Исагирреге «Баск елдері туры» көпкүндігінің бас классификациясының жеңімпазы атануға жеткілікті болды.

- Бұл велододада біздің командамыз өте мықты болды. Жалпы есептегі көрсеткішті өзгерту үшін бағымызды сынап көру қажет еді. Барлығы да мүмкін екенін білдік. Кезеңдегі тактикамыз өте жақсы болды. Маған және Якобқа шабуылға шығу үшін қолайлы жағдай жасау үшін командамыз керемет жұмыс атқарды. Кейінірек көш басында Якоб тамаша өнер көрсетті. Бүгінгі күн үшін оған алғысымды білдіргім келеді. Расымен де, мұның барлығы командалық жетістік. Апта бойы  осында бүтін бір команда болып өнер көрсеттік. Нәтижесінде біз жеңіске жеттік! – деп қоса кетті Йон Исагирре.

Сары жейделі Эммануэль Бухманның тобы кезең жеңімпазынан кейін 1 минут 24 секунд уақыттан кейін мәреге келіп жетті. Ең әуелі жарыс жолының соңғы шақырымында Бухманн басқа жаққа бұрылып кеткеннен кейін оның уақыт көрсеткішін басқаша есептеп, нәтижесінде «Астана» шабандозы Якоб жалпы есеп бойынша 3-орынға ие болды. Ол барлық марапаттау рәсіміне қатысып, жеңіс тұғырына да көтерілген болатын. Бірақ содан кейін  жарыс төрешілері нәтижелерді қайта қарап, Бухманнға бірнеше секунд уақыт қайтарғаннан кейін неміс шабандозы 3-орынға қайта шықты.

 - Шынымды айтсам бұл төрешілер тарапынан біртүрлі шешім болды деуге болады. Әрине, ол шешімге ренжулімін. Менің ойымша марапаттау рәсіміне қатысып, одан кейін 4-орынға түсіп қалу – мұның барлығы да дұрыс жағдай емес. Бізден соңымызда қандай оқиғаның орын алғанынан мүлдем хабардар емеспін. Бірақ бұл дұрыс емес және ақылға қонымсыз. Дегенмен, Йон Исагирренің жеңіске жеткені үшін қуаныштымын. Бұл біздің бүгінгі, жалпы жарыстағы ең басты мақсатымыз болатын. Бүгін өте жігерлі болдық. Және барлығын да жоспар бойынша орындадық. Алға озып, көшбасшы топта болғанда бар күшімді сарпыдым. Қолымнан келгенше барынша жақсы жұмыс жасауға тырыстым. Өзімнің жеке көрсеткішім мен жалпы есеп жайлы мүлде ойлаған да жоқпын. Бүгінгі кезеңде «барлығы да Йон үшін немесе ештеңе де емес» деген ұран біздің ең басты  мақсатымыз еді. Және осындай үлкен жеңістің бір бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын, -деді нәтижесінде бас классификация бойынша 4-орынға ие болған Якоб Фульсанг.

Төрешілердің енгізген өзгерістеріне байланысты «Баск елдері туры» көпкүндігінің финалдық жеңіс тұғыры келесідей: Йон Исагирре – жеңімпаз, Дэн Мартин – екінші (+0.29), Эмануэль Бухманн – үшінші (+0.31).

Бұл «Астана» командасы үшін осы маусымдағы 22-жеңіс және көпкүндіктердегі жалпы есеп бойынша 9-жеңіс. 

Photo credit: © Getty Images

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
TOUR OF THE ALPS YAKOVLEV GIDICH AMSTEL GOLD RACE KUDUS PARIS-ROUBAIX DE VREESE BALLERINI PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY ITZULIA BASQUE COUNTRY ION IZAGIRRE FUGLSANG LOPEZ ARGON 18 LUTSENKO GORKA IZAGIRRE FRAILE TOUR DES FLANDRES HUGO HOULE LAURENS DE VREESE GRAN PREMIO MIGUEL INDURAIN SANCHEZ RONDE VAN VLAANDEREN A TRAVERS LA FLANDRE ZHANDOS BIZHIGITOV DAVIDE BALLERINI VINOKUROV INTERVIEW WORLD TOUR RECORD DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA SEDOUN GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS E3 BINCKBANK CLASSIC MAGNUS CORT DRIEDAAGSE BRUGGE-DE PANNE DMITRIY GRUZDEV GREGAARD WILSLY MILANO-SANREMO TIRRENO-ADRIATICO JAKOB FUGLSANG ALEXEY LUTSENKO PARIS-NICE DARIO CATALDO LUIS LEON SANCHEZ MIGUEL ANGEL LOPEZ FOFONOV ASTANA PRO TEAM STRADE BIANCHE TOUR DU RWANDA CONTRERAS KUURNE-BRUSSELS-KUURNE GRUZDEV OMLOOP HET NIEUWSBLAD UAE TOUR STALNOV OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE HIRT NIKITA STALNOV MERHAWI KUDUS VUELTA A ANDALUCIA BILBAO TOUR OF RWANDA TOUR OF OMAN TOUR DE LA PROVENCE CLASICA DE ALMERIA CENGHIALTA TOUR COLOMBIA 2.1 VUELTA CICLISTA A MURCIA ZANINI ARBERAS CLASICA ALMERIA VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA IZAGIRRE SIXTUS ITALIA PELLO BILBAO OMAR FRAILE RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE MICHAELSEN MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ ZEITS GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE VILLELLA VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA CATALDO GRAN PIEMONTE TRE VALLI VARESINE FOMINYKH MILANO-TORINO GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA VUELTA A ESPANA GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL BIZHIGITOV GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CORT CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS BOARO TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE SUISSE CRITéRIUM DU DAUPHINé CRITERIUM DU DAUPHINE BALOISE BELGIUM TOUR GIRO D'ITALIA TOUR DE L'AIN SANGEMINI LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR DE ROMANDIE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA LIEGE-BASTOGNE-LIEGE FLECHE WALLONNE LA FLECHE WALLONNE BAZAYEV SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE MASSIGEN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT SHEFER ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN RUTA DEL SOL TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI AMGEN TOUR OF CALIFORNIA MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV MARTINELLI ALEXANDR VINOKUROV LARS MICHAELSEN VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners