Astana Lastest news

Баск елдері туры. 4-кезең. Якоб Фульсанг үшінші, қақтығыстан кейін Йон Исагирре сегізінші

«Баск елдері туры» көпкүндігінің 4-кезеңінде мәреге небәрі 6 шақырым қалғанда «Астана» командасының үш шабандозы қақтығысқа тап болды. Бұрылыстардың бірінде Алексей Луценко, Йон Исагирре және Пельо Бильбаолар асфальтқа құлап қалды. Қуанышқа орай үшеуі де жарысты әрі қарай жалғастырды.

Соңғы асу шыңына бір шақырым қалғанда шабуылға шыққан төрт шабандоз негізгі топтан біраз басымдылыққа ие болды. Ол топта «Астана» командасының өкілі Якоб Фульсанг та бар еді. Спринтте Тадей Погачар (2-орын), Якоб Фульсанг (3-орын) және Адам Йейтстерді (4-орын) басып озған неміс шабандозы Максимилиан Шахманн тағы да кезең жеңімпазы атанды.  

- Соңғы асуда тек алдыңғы шепте болуға тырыстым. Шабуыл басталғанда Адам Йейтс пен тағы бірнеше шабандоздың соңынан ілесу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Бүгінгі күн өте қиын, суық әрі жаңбырлы болды. Асуға жеткенде шабандоздардың барлығының күштері сарпылды. Дегенмен мен шабуылға шыққан топ қатарына қосылып, ал одан кейін құлдида өте жоғары жылдамдықпен жүріп отырдым. Финиште  Шахманның соңында келе жатқан болатынмын. Бірақ, спринтте тек 3-орынға ие болдым. Финишке 6 шақырым қалғанда Йон, Алексей және Пельолардың қақтығысқа тап болғаны өкінішті. Алайда, қуанышқа орай олардың кезеңді аяқтауға мүмкіндіктері болды. Біз енді «Баск елдері туры» көпкүндігінің қалған кезеңдеріне дайындаламыз. Ол шешуші кезеңдер болмақ, - деді Якоб Фульсанг.

Велододаның 4-кезеңі Виториядан басталып, Арригорриага қаласында (163.6 шақырым) аяқталды. Күні бойы толассыз жаңбыр жауып, өте суық болды. Финишке 6 шақырым қалғанда орын алған қақтығыс пелотонды еңсіретті деуге де болады. Шабандоздардың көбі асфальтта құлап жатты. Олардың арасында «Астананың» үш шабандозы - Алексей Луценко, Йон Исагирре және Пельо Бильбаолар да бар еді. «Астана» капитаны Йон Исагирре Горка Исагирре мен Луис Леон Санчестің көмегінің арқасында жарыс жолына қайта шығып, соңғы асуда негізгі топты қуып жетті. Алайда Йон шабандоздарды қуып жетуге бар күшін жұмсағандықтан қарсыластарының кезекті шабуылына жауап бере алмады.

Дегенмен, Йон Исагирре уақыт айырмашылығын барынша азайтуға тырысты. Нәтижесінде ол Шахманнға небәрі 9 секунд уақыт ұтылып, мәреге 8-болып келді.  

Алғашқы медициналық тексеру Луценко, Исагирре және Бильбаолардың ауыр жарақат алмағанын анықтады. Шабандоздар ертең таңертеңге дейін дәрігерлердің бақылауында болады.

Финалға екі кезең қалғанда Шахманн жалпы есепте көшбасшылығын одан әрі жалғастыруда. Ол Патрик Конрадтан 51 секунд, ал қазіргі таңда 3-орында келе жатқан Йона Исагирреден 52 секунд уақыт алда келеді. Бүгінгі кезең қорытындысы бойынша Якоб Фульсанг 7-орынға(+1.24) көтерілді.

«Баск елдері туры» көпкүндігінің патшалық таулы 5-кезеңі ертең өтеді. Шабандоздар Арригорриагадан атақты Аррате асуының шыңына дейінгі 149.8 шақырым жарыс жолын бағындырмақ.

Photo credit: © Getty Images 

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
TOUR OF THE ALPS YAKOVLEV GIDICH AMSTEL GOLD RACE KUDUS PARIS-ROUBAIX DE VREESE BALLERINI PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY ITZULIA BASQUE COUNTRY ION IZAGIRRE FUGLSANG LOPEZ ARGON 18 LUTSENKO GORKA IZAGIRRE FRAILE TOUR DES FLANDRES HUGO HOULE LAURENS DE VREESE GRAN PREMIO MIGUEL INDURAIN SANCHEZ RONDE VAN VLAANDEREN A TRAVERS LA FLANDRE ZHANDOS BIZHIGITOV DAVIDE BALLERINI VINOKUROV INTERVIEW WORLD TOUR RECORD DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA SEDOUN GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS E3 BINCKBANK CLASSIC MAGNUS CORT DRIEDAAGSE BRUGGE-DE PANNE DMITRIY GRUZDEV GREGAARD WILSLY MILANO-SANREMO TIRRENO-ADRIATICO JAKOB FUGLSANG ALEXEY LUTSENKO PARIS-NICE DARIO CATALDO LUIS LEON SANCHEZ MIGUEL ANGEL LOPEZ FOFONOV ASTANA PRO TEAM STRADE BIANCHE TOUR DU RWANDA CONTRERAS KUURNE-BRUSSELS-KUURNE GRUZDEV OMLOOP HET NIEUWSBLAD UAE TOUR STALNOV OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE HIRT NIKITA STALNOV MERHAWI KUDUS VUELTA A ANDALUCIA BILBAO TOUR OF RWANDA TOUR OF OMAN TOUR DE LA PROVENCE CLASICA DE ALMERIA CENGHIALTA TOUR COLOMBIA 2.1 VUELTA CICLISTA A MURCIA ZANINI ARBERAS CLASICA ALMERIA VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA IZAGIRRE SIXTUS ITALIA PELLO BILBAO OMAR FRAILE RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE MICHAELSEN MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ ZEITS GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE VILLELLA VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA CATALDO GRAN PIEMONTE TRE VALLI VARESINE FOMINYKH MILANO-TORINO GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA VUELTA A ESPANA GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL BIZHIGITOV GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CORT CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS BOARO TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE SUISSE CRITéRIUM DU DAUPHINé CRITERIUM DU DAUPHINE BALOISE BELGIUM TOUR GIRO D'ITALIA TOUR DE L'AIN SANGEMINI LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR DE ROMANDIE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA LIEGE-BASTOGNE-LIEGE FLECHE WALLONNE LA FLECHE WALLONNE BAZAYEV SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE MASSIGEN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT SHEFER ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN RUTA DEL SOL TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI AMGEN TOUR OF CALIFORNIA MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV MARTINELLI ALEXANDR VINOKUROV LARS MICHAELSEN VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners