Astana Lastest news

Париж-Ницца. 4-кезең. Магнус Корт 200 шақырымнан кейін көшбасшы топта тамаша жеңіске жетті

Көшбасшы топта болған «Астана» велокомандасының шабандозы Магнус Корт 4-кезеңде тамаша жеңіске жетті. Ол жарыс жолының 212-шақырымына жеткенде қарсыластарына қарсы шабуылға шықты. «Астана» сапындағы дат шабандозы үшін бұл осы маусымдағы алғашқы жеңіс болса, ал қазақстандық команда үшін биылғы жылғы он алтыншы жеңіс.

- Бұл кезеңге арналған арнайы жоспарымыз болған жоқ. Бірақ, менің ыңғайыма жақсы келетінін білдім. Сондықтан кезең басталған сәттен бастап алдыңғы қатарда болып, барлық шабуылдарға ілесіп отырдым. Жарыс жолының 10-15-шақырымдарынан бастап-ақ біз басымдылыққа ие болдық. Алдымен шағын топ алға озды. Олар басымдылыққа ие болғаннан кейін тағы да төрт шабандоз сол топқа қосылды. Алғашқы асуға жеткенде біз негізгі топтан біраз ұзап кеттік. Күні бойы өзімді жақсы сезіндім. Көшбасшы топта басқа шабандоздармен тіл табысып, бірге жұмыс атқардық. Топта өте мықты бірнеше шабандоз болды. Сондықтан мен оларды мұқият қадағалап отыруым қажет еді. Кезеңнің соңына қарай, 200 шақырымнан кейін спринтті күтпей-ақ ертерек шабуылға шығуды жөн санадым. Осындай ұзақ әрі қиын жұмыстан кейін спринтте аяқтың қалай жұмыс атқаратынын білмейсің. Сол себепті істі соңына жеткізбей, соңғы шақырымда шабуылға шықтым. Серпілісім жаман болмады, және сол серпілісім маған жеңіс сыйлады. Жетістігіме өте ризамын. Бұл менің биылғы жылғы алғашқы жеңісім. Өздеріңіз куә болып отырғандай «Астана» маусымды өте жақсы қарқынмен бастады. Және команда қоржынына тағы бір жеңіс әкелгеніме өте қуаныштымын. Сонымен қатар біздің жалпы есепке арналған мақсатымыз айқын. Луис Леон Санчес бас классификация бойынша жоғарғы орында келеді. Жігерлі Санческе команда қолдау көрсетуге дайын, - деді Магнус Корт.

- «Париж-Ницца» – бұл маусым басындағы ең үлкен мақсаттардың бірі және «Тур де Франсқа» арналған дайындық деуге болады. Ол велобәйгеге жақсы баппен баруды жоспарлап отырмыз. Команда жарысты керемет өткізуде. Жалпы есеп бойынша жетістікке жету үшін шабандоздардың барлығы дерлік өте жақсы жұмыс атқаруда. Бүгінгі жарыс күні біз үшін ойдағыдай өтетінін білдік. Және Магнус Корт өз мүмкіндігін пайдаланды. Маусымды тамаша бастадық. Бүгін бізге Магнус 2019-жылғы 16-жеңісті сыйлады. Осы жетістігімізді барлық демеушілерімізге, әсіресе бас серіктесіміз «Самұрық Қазынаға» арнағымыз келеді. Бұл Наурыз мерекесіне арналған сыйлығымыз! – деп қоса кетті «Астана» командасының спорттық менеджері Дмитрий Фофонов.

«Париж-Ницца» велобәйгесінің 4-кезеңі Вишиден басталып, 212 шақырымнан кейін Пелюссенде өз мәресіне жетті. Жарыс жолының алғашқы шақырымдарынан-ақ шабуылдар басталып, нәтижесінде 13 шабандоздан құралған топ алға озды. Олардың арасында Магнус Корт та бар еді. Пелотон көшбасшы топты қанша қуып жетуге тырысқанымен, ойлағандары жүзеге аспады. Финишке бір шақырым қалғанда «Астана» шабандозы шешуші шабуылға шығып, нәтижесінде 4-кезең жеңімпазы атанды.

«Париж-Ницца» велододасының төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша польшалық Михал Квятковски жалпы есептің жаңа көшбасшысына айналды. Ал одан 5 секунд уақыт айырмашылығымен «Астана» капитаны Луис Леон Санчес 2-орынға көтерілді.

Ертең көпкүндіктің 5-кезеңі Барбентан қаласында өтеді. Жекелей жарыс жолының ұзақтығы 25.5 шақырымды құрайды. 

Photo credit: © Getty Images

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
AMGEN TOUR OF CALIFORNIA DAVIDE BALLERINI GIRO D'ITALIA VINOKUROV JONAS GREGAARD HUGO HOULE SHEFER INFINITY BIOTECH BILBAO ZEITS CATALDO LOPEZ ION IZAGIRRE DE VREESE CORT BALLERINI ARGON 18 TOUR DE ROMANDIE FOMINYKH HIRT KUDUS VILLELLA ESCHBORN-FRANKFURT CONTRERAS GIDICH LIEGE-BASTOGNE-LIEGE JAKOB FUGLSANG OMAR FRAILE TOUR OF THE ALPS MARTINELLI LA FLECHE WALLONNE GORKA IZAGIRRE BAZAYEV YAKOVLEV AMSTEL GOLD RACE PARIS-ROUBAIX PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY ITZULIA BASQUE COUNTRY FUGLSANG LUTSENKO FRAILE TOUR DES FLANDRES LAURENS DE VREESE GRAN PREMIO MIGUEL INDURAIN SANCHEZ RONDE VAN VLAANDEREN A TRAVERS LA FLANDRE ZHANDOS BIZHIGITOV INTERVIEW WORLD TOUR RECORD DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA SEDOUN GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS E3 BINCKBANK CLASSIC MAGNUS CORT DRIEDAAGSE BRUGGE-DE PANNE DMITRIY GRUZDEV GREGAARD WILSLY MILANO-SANREMO TIRRENO-ADRIATICO ALEXEY LUTSENKO PARIS-NICE DARIO CATALDO LUIS LEON SANCHEZ MIGUEL ANGEL LOPEZ FOFONOV ASTANA PRO TEAM STRADE BIANCHE TOUR DU RWANDA KUURNE-BRUSSELS-KUURNE GRUZDEV OMLOOP HET NIEUWSBLAD UAE TOUR STALNOV OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE NIKITA STALNOV MERHAWI KUDUS VUELTA A ANDALUCIA TOUR OF RWANDA TOUR OF OMAN TOUR DE LA PROVENCE CLASICA DE ALMERIA CENGHIALTA TOUR COLOMBIA 2.1 VUELTA CICLISTA A MURCIA ZANINI ARBERAS CLASICA ALMERIA VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA IZAGIRRE SIXTUS ITALIA PELLO BILBAO RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE MICHAELSEN MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA GRAN PIEMONTE TRE VALLI VARESINE MILANO-TORINO GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA VUELTA A ESPANA GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL BIZHIGITOV GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS BOARO TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE SUISSE CRITéRIUM DU DAUPHINé CRITERIUM DU DAUPHINE BALOISE BELGIUM TOUR TOUR DE L'AIN SANGEMINI LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA FLECHE WALLONNE SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE MASSIGEN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN RUTA DEL SOL TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV ALEXANDR VINOKUROV LARS MICHAELSEN VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners