Astana Lastest news

Валенсия Вуэльтасы. Йон Исагирре жалпы есепте жеңіске жетті, Пельо Бильба үшінші, «Астана» - үздік команда

«Астана» командасы 2019 жылдағы алғашқы еуропалық доданы сәтті аяқтап, жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті. Бүгін өз мәресіне жеткен испаниялық «Валенсия Вуэльтасы» көпкүндігінде «Астана» командасының бірден екі өкілі финалдық жеңіс тұғырынан көрінді. Йон Исагирре жарыстың жалпы қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Ал Пельо Бильбао жүлделі 3-орынға ие болды.

Одан бөлек қазақстандық команда испаниялық көпкүндіктің жалпыкомандалық классификациясы бойынша жеңіске жетті.

Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бірақ бұл менің ғана емес, жалпы команданың жетістігі. Команда ретінде бұл доданы өте тамаша өткіздік. Жарыстың әрбір сәтінде әріптестерімнің қолдауын сезіндім. Біз бұл велобәйгеде бәріне қол жеткіздік. Ол жалпы есеп бойынша менің жеңісім, Пельо Бильбаоның 3-орынға ие болғаны және «Астананың» жалпыкомандалық жетістігі. Фантастика! Осы маусымды ең болмағанда бір жарыста жеңіске жетсем деген мақсатпен бастаған едім. Енді Валенсияда мақсатыма жеттім. Сонымен қатар «Астана» жейдесінде жеңіске жеткенім үшін ерекше сезімге бөлендім. Мен осылардың барлығымен мақтанамын, - деді  Йон Исагирре. 

- Маусымның тамаша бастамасын елестету өте қиын деп ойлаймын. Көрсеткен нәтижеме көңілім толады және әрине, жеңіске жеткен Йон Исагирре үшін өте қуаныштымын. Бүгінгі додадағы мен көрсеткен нәтиже – ол маусым аралығында да жақсы жұмыс атқарғанымның дәлелі. Командамен бірге біз желтоқсан және қаңтар айларында екі нәтижелі жаттығу жиындарын өткіздік. Бапкерлеріміз және велоинженерлерімізбен бірге ауқымды жұмыс жасадық. Қазір «Валенсия Вуэльтасында» атқарылған жұмыстың алғашқы жемісін көрдік. Маусымның осындай керемет бастамасы келесі додаларда да өз жалғасын табады деп ойлаймын, - деді Пельо Бильбао.

- Бұл біздің команданың лайықты жеңісі! Валенсия аймағында жарыс аптасын өте жақсы өткіздік. Бүкіл команда өте жоғары дәрежеде екенін көрсетті. Велобәйгеде мықты командалар мен жұлдызды қарсыластар өте көп болды. Бұл көрсеткіш командамыздың жеңісін одан да маңызды әрі беделді ете түседі. Жел, жоғарғы жылдамдық пен финалда орын алған қақтығыстың әсерінен бүгінгі жарыс біраз жүйке жұқартты. Алайда кезеңді ешбір кедергісіз өткіздік. Осы велододада көрсеткен нәтижемізге өте қуаныштымын. Команданы жеткен жетістігімен құттықтаймын! – деді «Астана» командасының спорттық директоры Дмитрий Седун.

88 шақырымға созылған «Валенсия Вуэльтасының» соңғы 5-кезеңі шешуші шақырымдарда орын алған қақтығысқа қарамастан Валенсия көшелерінде спринтпен аяқталды. Норвегиялық Александр Кристофф және италиялық  Маттео Трентинды басып озған голландиялық шабандоз Дилан Груневеген кезең жеңімпазы атанды. «Астана» шабандозы Магнус Корт мәреге 15-болып келді.

«Валенсия Вуэльтасының» қорытындысы бойынша Йон Исагирре 1-орынға, Алехандро Вальверде (+0.07) 2-орынға, Пельо Бильбао (+0.07) 3-орынға ие болды.

Photo credit: © Tim De Waele/Getty Images 

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
TOUR OF OMAN DAVIDE BALLERINI MAGNUS CORT VUELTA CICLISTA A MURCIA SANCHEZ CENGHIALTA TOUR DE LA PROVENCE GORKA IZAGIRRE TOUR COLOMBIA 2.1 LOPEZ ZANINI BILBAO FRAILE FUGLSANG ARBERAS CLASICA ALMERIA ASTANA PRO TEAM LUTSENKO STALNOV VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA IZAGIRRE SEDOUN SIXTUS ITALIA ION IZAGIRRE PELLO BILBAO OMAR FRAILE MIGUEL ANGEL LOPEZ RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE DE VREESE BALLERINI MICHAELSEN MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ ZEITS GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE VILLELLA VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA CATALDO GRAN PIEMONTE GIDICH TRE VALLI VARESINE FOMINYKH MILANO-TORINO KUDUS GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA VUELTA A ESPANA GRUZDEV GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL BIZHIGITOV GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE CONTRERAS EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CORT CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES FOFONOV VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS BOARO TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA JAKOB FUGLSANG ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE SUISSE ARGON 18 CRITéRIUM DU DAUPHINé CRITERIUM DU DAUPHINE BALOISE BELGIUM TOUR GIRO D'ITALIA VINOKUROV TOUR DE L'AIN SANGEMINI HIRT LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR DE ROMANDIE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA LIEGE-BASTOGNE-LIEGE TOUR OF THE ALPS FLECHE WALLONNE YAKOVLEV LA FLECHE WALLONNE AMSTEL GOLD RACE BAZAYEV PARIS-ROUBAIX ITZULIA BASQUE COUNTRY SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS RONDE VAN VLAANDEREN DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS MASSIGEN MILANO-SANREMO VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT TIRRENO-ADRIATICO SHEFER PARIS-NICE LUIS LEON SANCHEZ STRADE BIANCHE ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC ALEXEY LUTSENKO KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN OMLOOP HET NIEUWSBLAD OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE RUTA DEL SOL VUELTA A ANDALUCIA TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA CLASICA DE ALMERIA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK DARIO CATALDO KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI AMGEN TOUR OF CALIFORNIA MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV MARTINELLI NIKITA STALNOV ALEXANDR VINOKUROV LAURENS DE VREESE LARS MICHAELSEN ZHANDOS BIZHIGITOV VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS DMITRIY GRUZDEV FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners