Astana Lastest news

Валенсия Вуэльтасы. 4-кезең. Патшалық кезеңнен кейін Йон Исагирре көш бастады

Алькосебрешыңындағы фиништен кейін «Астана» командасының шабандозы ЙонИсагирре «Валенсия Вуэльтасының» бас классификациясының көшбасшысына айналды. Ал қазақстандық команданың тағы бір өкілі Пельо Бильбао 3-орынға көтерілді.

«Астана» командасының атқарған керемет жұмысынан кейін жарыс жолының соңғы шақырымдарында Исагирре мен Бильбао алдыңғы қатардағы жақсы позицияға шықты. Нәтижесінде Пельо Бильбао мәреге үшінші, ал Йон Исагирре төртінші келіп жетті.

- Бүгін біз тактикамызды біраз өзгерттік. Топ арасында болып, күшімізді финалға сақтап қалуға тырыстық. Себебі соңғы таудың шешуші болатынын білдік. Команда бүгін өте мықты болды. Кезең бойы әріптестерім тарапынан көрсетілген қолдауды сезіндім. Соңғы асуда әрбір шабандоз 100 пайыз барын салды. Кезеңді жеңіп алу үшін бізге сәл ғана күш жетпеді. Алайда біз мұнда жалпы есептегі жеңіс үшін келдік. Сондықтан да бүгінгі кезеңнен кейін көшбасшыға айналғаныма қуаныштымын. Сонымен қатар, Пельо Бильбао да жарысты жақсы өткізді және оның үшінші орынға көтерілгені қуантарлық жайт. Алда тағы бір кезең күтіп тұр. Негізі, ертең өтетін кезең спринтерлердің ыңғайына жақсы келеді. Дегенмен, жарыс аяқталғанша, қазіргі позициямызды финишке дейін барынша сақтап қалуға тырысамыз, - деді Йон Исагирре.

- Кезеңнің қалай өткендігіне, командалық жұмысқа көңілім толады. Өзімді жақсы сезіндім. Бұл маусымның өте жақсы бастамасы. Ол қыс бойы жасаған жұмысымның дұрыс атқарылғандығының дәлелі және ол маған сенімділік сыйлайды. Апта бойы командамен керемет жұмыс атқардық. Бәлкім біз бүгін консервативтік тактиканы таңдаған шығармыз. Нәтижесінде кезеңде жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, жалпы есепте көш бастадық. Бұл жарыс ең басты мақсатымыз болмаса да біз мұнда жоғары нәтиже көрсету үшін жақсы дайындықпен келдік. Соңғы асуда Йон Исагирре екеуіміз жағдайды өз бақылауымызда ұстадық. Біраз басымдылққа ие болғандықтан көш бастау үшін тек Боссон Хагеннен алда болуымыз қажет екенін түсіндік. Финалда басқа қарсыластарымызды да бақылауда ұстау үшін қолдан келгеннің барлығын жасадық. Және жоспарымыз іске асты. Ертең өте мұқият болуымыз қажет. Екеуіміз жеңіс тұғырынан көріну үшін қателікке жол бермеу керек, - деп қоса кетті Пельо Бильбао.

«Валенсия Вуэльтасының» 4-кезеңі испаниялық көпкүндікте жалпы есеп үшін таласқа түскен шабандоздар үшін шешуші кезең болды. Велесебедшілер Вилья-Реальдан қысқа болғанымен тік орналасқан  Алькосебре асуына дейін 188 шақырым жолды жүріп өтті. Соңғы рет кәсіби пелотон бұл асу жолына 2017 жылы «Испания Вуэльтасында» келген болатын. Ол кезде «Астана» командасының қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко 5-кезеңде керемет жеңіске жеткен болатын.

Бұл жолы алға озған топтың басымдылығы өте үлкен болғанына қарамастан жарыс тағдыры Алькосебре асуында жалпы есептің фавориттері арасында шешілді. «Астана» соңғы асуда керемет командалық тактиканы көрсетті. Команда көшбасшылары Йон Исагирре мен Пельо Бильбао негізгі топта алдыңғы қатарда болғанда Мерхави Құдыс пен Луис Леон Санчес шабуылға шығып, көзге түсті. Алайда ол шабуылдарға қарамастан барлық фавориттер финалдық шақырымға дейін бірге болды.

Британиялық Адам Йейтс финишке жүздеген метрлер қалғанда көшбасшылар тобынан алға озып, кезең жеңімпазы атанды. Оның ізімен қазіргі Әлем чемпионы Алехандро Вальверде, Пельо Бильбао мен Йон Исагиррелер мәреге келіп жетті.

Бұл нәтиже «Астананың» екі шабандозына жалпы есептегі позицияларын жақсартуға мүмкіндік берді. Исагирре жарыстың жаңа көшбасшысына айналса, Бильбао 3-орынға көтерілді. Соңғы кезең алдында Исагирре Вальверде мен Бильбаодан 7 секунд уақыт алда келеді. Жалпыкомандалық классификация бойынша «Астана» сенімді түрде көшбасшылығын одан әрі жалғастыруда.

«Валенсия Вуэльтасының» соңғы 5-кезеңі ертең Патернадан басталып, 88 шақырымнан кейін Валенсияда өз мәресіне жетпек.

Photo credit: © Tim De Waele/Getty Images

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
KUDUS YAKOVLEV AMSTEL GOLD RACE JAKOB FUGLSANG TOUR OF THE ALPS GIDICH PARIS-ROUBAIX DE VREESE BALLERINI PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY ITZULIA BASQUE COUNTRY ION IZAGIRRE FUGLSANG LOPEZ ARGON 18 LUTSENKO GORKA IZAGIRRE FRAILE TOUR DES FLANDRES HUGO HOULE LAURENS DE VREESE GRAN PREMIO MIGUEL INDURAIN SANCHEZ RONDE VAN VLAANDEREN A TRAVERS LA FLANDRE ZHANDOS BIZHIGITOV DAVIDE BALLERINI VINOKUROV INTERVIEW WORLD TOUR RECORD DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA SEDOUN GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS E3 BINCKBANK CLASSIC MAGNUS CORT DRIEDAAGSE BRUGGE-DE PANNE DMITRIY GRUZDEV GREGAARD WILSLY MILANO-SANREMO TIRRENO-ADRIATICO ALEXEY LUTSENKO PARIS-NICE DARIO CATALDO LUIS LEON SANCHEZ MIGUEL ANGEL LOPEZ FOFONOV ASTANA PRO TEAM STRADE BIANCHE TOUR DU RWANDA CONTRERAS KUURNE-BRUSSELS-KUURNE GRUZDEV OMLOOP HET NIEUWSBLAD UAE TOUR STALNOV OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE HIRT NIKITA STALNOV MERHAWI KUDUS VUELTA A ANDALUCIA BILBAO TOUR OF RWANDA TOUR OF OMAN TOUR DE LA PROVENCE CLASICA DE ALMERIA CENGHIALTA TOUR COLOMBIA 2.1 VUELTA CICLISTA A MURCIA ZANINI ARBERAS CLASICA ALMERIA VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA IZAGIRRE SIXTUS ITALIA PELLO BILBAO OMAR FRAILE RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE MICHAELSEN MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ ZEITS GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE VILLELLA VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA CATALDO GRAN PIEMONTE TRE VALLI VARESINE FOMINYKH MILANO-TORINO GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA VUELTA A ESPANA GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL BIZHIGITOV GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CORT CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS BOARO TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE SUISSE CRITéRIUM DU DAUPHINé CRITERIUM DU DAUPHINE BALOISE BELGIUM TOUR GIRO D'ITALIA TOUR DE L'AIN SANGEMINI LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR DE ROMANDIE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA LIEGE-BASTOGNE-LIEGE FLECHE WALLONNE LA FLECHE WALLONNE BAZAYEV SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE MASSIGEN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT SHEFER ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN RUTA DEL SOL TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI AMGEN TOUR OF CALIFORNIA MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV MARTINELLI ALEXANDR VINOKUROV LARS MICHAELSEN VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners