Astana Lastest news

«Астана» 2019 жылға арналған жаңартылған құраммен таныстырды

Бүгін, 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні Әлемдік Турдың командасы «Астана» жаттығу жиындары өтіп жатқан Испанияның Альтеа қаласында 2019 жылғы жаңа маусымда өнер көрсететін команданың жаңартылған құрамымен ресми түрде таныстырды.

Жаңа маусым «Астана» командасы үшін Әлемдік велоспорттың жоғарғы лигасында өнер көрсететін 14-маусым болмақ.

- Біз бүгін жаңа маусымда «Астана» құрамында өнер көрсететін 28 шабандозбен таныстырдық. Біз әр түрлі велосипед дисциплиналарынан өнер көрсететін  жастық пен тәжірибе үйлесім тапқан мамандарды жинап, тамаша құрам жасақтадық деп ойлаймын. Келер жылы Гранд-турларда, көпкүндіктерде де, классикалық сайыстарда да жеңіс үшін таласқа түсуге мүмкіндік беретін позициялар қатарын нығайттық.  Былтырғы жыл біздің команда үшін сәтті өтті. Шабандоздарымыз 33 мәрте жеңіске жетіп, 62 жүлделі орындарға ие болды. Мигель Анхель Лопес екі мәрте «Джиро» мен «Вуэльта» Гранд-турларының жеңіс тұғырынан көрінді. Жаңа маусымда алға қойған мақсатымыз биылғы жылдың көрсеткіштерінен де жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысу. Бұл жоспарымыз іске асады деп ойлаймын. Ең басты мақсаттардың арасында Гранд-турлар мен Әлемдік Турдың апталық көпкүндіктері де бар, - деді презентация қорытындысынан кейін Александр Винокуров.

Ресми таныстырылымда «Астана» команданың жаңа 9 шабандозымен таныстырды. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап командаға Юрий Натаров (Қазақстан), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Давиде Баллерини (Италия), Мануэле Боаро (Италия), Мерхави Кудус (Эритрея), Йонас Вилсли (Дания), Родриго Контрерас (Колумбия) және Эрнандо Бооркестер (Колумбия) қосылады.

«Астананың» 2019 жылғы толық құрамы 9 елден келген 28 шабандоздан тұрады. Олар: Давиде Баллерини (Италия), Пельо Бильбао (Испания), Жандос Бижігітов (Қазақстан), Мануэле Боаро (Италия), Эрнандо Бооркес (Колумбия), Дарио Катальдо (Италия), Родриго Контрерас (Колумбия), Магнус Корт (Дания), Лауренс Де Вриз (Бельгия), Даниил Фоминых (Қазақстан), Омар Фраиле (Испания), Якоб Фульсанг (Дания), Евгений Гидич (Қазақстан), Йонас Вилсли (Дания), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Ян Хирт (Чехия), Уго Уль (Канада), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Мерхави Кудус (Эритрея), Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Алексей Луценко (Қазақстан), Натаров (Қазақстан), Луис Леон Санчес (Испания), Никита Стальнов (Қазақстан), Давиде Виллелла (Италия), Артем Захаров (Қазақстан) және Андрей Зейц (Қазақстан).

2019 жылы өтетін командалық жарыстарда команданы Дмитрий Фофонов(спорттық менеджер), Александр Шефер, Дмитрий Седун, Стефано Занини, Ларс Михаэльсен, Сергей Яковлев, Асан Базаев, Бруно Ченьялта және Джузеппе Мартинеллилер сияқты спорттық директорлар басқаратын болады.

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
SANTOS TOUR DOWN UNDER SANCHEZ MICHAELSEN BALLERINI ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE ASTANA PRO TEAM KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ ZEITS GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE DE VREESE VILLELLA VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI LUTSENKO IL LOMBARDIA CATALDO GRAN PIEMONTE GIDICH LOPEZ TRE VALLI VARESINE FOMINYKH MILANO-TORINO KUDUS GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA FUGLSANG PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY STALNOV TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA FRAILE VUELTA A ESPANA SEDOUN GRUZDEV GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL BIZHIGITOV GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD IZAGIRRE BILBAO BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE CONTRERAS EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CORT CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES FOFONOV VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS BOARO TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA JAKOB FUGLSANG ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE SUISSE ARGON 18 CRITéRIUM DU DAUPHINé CRITERIUM DU DAUPHINE BALOISE BELGIUM TOUR GIRO D'ITALIA VINOKUROV TOUR DE L'AIN SANGEMINI HIRT LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR DE ROMANDIE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA LIEGE-BASTOGNE-LIEGE TOUR OF THE ALPS FLECHE WALLONNE YAKOVLEV LA FLECHE WALLONNE AMSTEL GOLD RACE BAZAYEV PARIS-ROUBAIX ITZULIA BASQUE COUNTRY SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS RONDE VAN VLAANDEREN DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA CENGHIALTA GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS MASSIGEN MILANO-SANREMO VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT TIRRENO-ADRIATICO SHEFER PARIS-NICE LUIS LEON SANCHEZ MAGNUS CORT STRADE BIANCHE ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC ALEXEY LUTSENKO KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN OMLOOP HET NIEUWSBLAD OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE TOUR OF OMAN RUTA DEL SOL VUELTA A ANDALUCIA TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA CLASICA DE ALMERIA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII ZANINI BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK DARIO CATALDO KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI AMGEN TOUR OF CALIFORNIA MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV MARTINELLI NIKITA STALNOV ALEXANDR VINOKUROV LAURENS DE VREESE LARS MICHAELSEN ZHANDOS BIZHIGITOV VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS DMITRIY GRUZDEV FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners