Astana Lastest news

Біздің сұқбат. Руслан Тілеубаев «Астана» жайлы, маусым мен ондағы ауыр кезеңдерді, әрі спорттық ғұмырын аяқтауы туралы баяндайды

Қазақстандық шабандоз Руслан Тілеубаев «Астана» командасында өткізген алты жылдан соң спорттық ғұмырын аяқтаймын деп шешті. 2014 жылғы Азия чемпионы «Астана» сапында өткізген жылдар мен велоспорттағы қызықты оқиғаларына тоқталады.

Руслан, сен өз өміріңдегі маңызды кезеңнің бірінен өткелі тұрсың. «Астана» сапындағы алты жыл жайлы қысқаша баяндап өтсең.

- Мен өзімнің спорттық ғұмырымды өзіміздің, қазақстандық команда «Астана» сапында өткізгеніме қуаныштымын. Алты жыл бойы «Астана» жейдесін абыроймен киіп шықтым деп есептеймін. Мен үшін «Астана» намысын қорғау зор мәртебе болды. Маған бұл жоба қатты ұнады, сондай-ақ мен өзімді өз үйімде жүргендей сезіндім.

Сен сол жылдардағы ең жақсы әрі сәтсіз кезеңдер жайлы да айтып өтсең.

- Шынтуайтына келгенде жарқын сәттер өте көп болды. Дәл қазір олардың қайсыбірін тәптіштеп айтып отырайын. Ұзақ уақыт кетер. Сәл уақыт өткен соң осы оқиғалар біртіндеп ойыма келер. Сондай-ақ сәтсіз кезеңдер де болғаны жасырын емес. Спортта бұл таңқаларлық жағдай емес. Бәрін де көрдік. Ал ең бастысы менің командада болып, әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болғаным.

Осы маусым сенің спорттық ғұмырыңдағы ең соңғы болды. Сол жайлы айтып берсең.

- Бұл маусым мен үшін сәтті өтті дей алмаймын. Менің жеке күнтізбемде көп жарыс бола қойған жоқ. Ең жеңіл маусым болды деп айта аламын. Себебі, шамамен тек 50-ге жуық жарысқа шықтым. Дегенмен, соның барлығында да мен командалас әріптестерімнің жақсы нәтиже көрсетуіне жағдай жасадым.

Жалпы спорттық ғұмырыңдағы ең жарқын сәт деп қай кездерді айтар едің?

- Ондай сәттің екеуі болды. Екеуінде де мен спорттық ғұмырымды аяқтасам ба деген ой болды. Велоспортқа келе салған соң бір жылдан кейін-ақ спортты тастасам ба деген ой болған. Бірден нәтиже көрсетіп, бірден танымал болғым келді. Алғашқы уақыттарда ештеңе шықпай, көңілім түсіп жүрді. «Егер ештеңе жеңбесем, бір нәтижеге қол жеткізе алмасам, онда бәлкім басқа нәрсемен шұғылданайын» деп шештім. Бірақ, сол ортада бір велокроссты жеңіп, сол жеңістен қанаттандым. Сосын, велоспортқа деген қызығушылығым ашылып, одан әрі жақсы нәтиже көрсетуге бел шеше кірістім. Ал одан кейін 2011 жылы тағы бір рет ойымнан аиный бастадым. Сол жылы Ұлттық құрамаға алынбай қалдым. Амал жоқ, облыстық командамен жаттығып, құрамаға алынбағаныма қатты қапаландым. Кейіннен мені құрлықтық командаға шақырды. Тәжірибиелік сынақтан өтіп, осы командаға 2012 жылы алына кеттім. Міне, содан бері менің жолым ашылғандай. Кейіннен құрлықтық командадан кәсіпқой «Астанаға» ауыстым. Ал қазір мен үшінші мәрте ой үстінде тұрмын. Бірақ, бұл жолғы шешімімді ешкімде қайтара алмас. Бұл менің өмірімдегі өзгеріс орын алатын дер шақ деп санаймын.

Спорттық ғұмырыңдағы ең ауыр әрі қатты есте қалған қай жарыс еді?

- Менің алғашқы ауыр жарыстарым, еуропада өнер көрсете бастаған кезде келді. Оған дейін тек Қазақстан мен Ресейде, ары кетсе Азияның айналасында жүрдік. Ал Еуропада нағыз спортты көргендей болдым. Мұнда бәсекелестік деген өте жоғары екен. Азиядағыдай жеңістерге жету мұнда тіпті қиын екен. Дегенмен, жаттығу жасап, шеберлікті шыңдамаса болмайтыны қиын екенін ұғындым. Осы кездердің барлығын артта қалдырған соң барып, өзімді нағыз кәсіпқой шабандоз ретінде сезіне бастадым.

Қазір, велоспортпен қош айтысып отырғаннан кейін, велоспортты емес басқа спортты таңдауым қажет еді деп ойламайсың ба? Жалпы, велоспорт сенің өміріңде қандай рөлге ие. Велоспортсыз өміріңді қалай елестетесің?

- Жоқ, барлығы өз орнымен. Велоспорт мен үшін көп нәрсе үйретті. Алатынымды алдым да. Бүкіл әлемді араладым, көптеген елдердің мәдениетімен таныстым. Мен велоспортты таңдағаныма қуанамын. Өмірімнің ең жарқын кезеңдері велоспортта өтті деп айта аламын. Жалпы велоспортпен айналыспағанда, өмірімнің не боларын білмеймін. Мен өзімді спортсыз елестете алмаймын. Оны түсіну үшін тағы бір өмір сүру қажет шығар. Егер осы жолды таңдамағанымда кіл біледі, немен айналысарымды. Бәлкім ақпараттық технологиялармен айналысып кетер ме едім.

Сен шабандоз болып жүрген кезіңде теледидардан велоспорт шолулары мен көрсетілімдерін қарайтын  ба едің? Енді спортты тастаған соң ше?

- Әрине, велоспортшы болған соң теледидардан велошолуларды тамашалап тұратынмын. Әлемдік велоспорттың соңғы хабарларын тамашалап, құлағдар болып жүретінмін. Енді «Еуроспорт» арнасынан «Астананың» өнерін тамашалайтын боламын. Қаншама жыл өмірімді велоспортқа беріп, енді оны бірден өмірімнен сызып тастай алмайтын шығармын.

Енді алдағы уақытта қандай жоспарлар бар. Велоспорттан өзге салаға кетіп қалу ойыңда жоқ па?

- Әзірге бұл жайында қатты бір ойланып та көрмедім. Қазір Германияда тұрып жатырмын. Тіл оқып жатырмын. Спортқа қатысы жоқ өзге салаға кетіп, сол жақтан бағымды сынап көрсем бе деген ойым бар. Кейін түбі бұл спортқа қайта оралуым мүмкін, алайда дәл қазір өзге салаға кетсем деген ойым да жоқ емес.

«Астана» командасының 2019 жылғы маусымына не тілер едіңіз?

- Ең алдымен, командаға тілерім осы жетістіктермен тоқталып қалмай, алға жылжи берсін. Сондай-ақ мен осы жылдар бойы менің қасымда болған ата-анам, жақындар, бапкерлер мен жанкүйерлеріме алғысымды айтқым келеді. Александр Винокуровқа маған сенгені үшін зор алғыс! Сонымен қоса, бапкерлерім Овсянников Владимир Василиұлына, Кручина Сергей Иванұлына маған өмірлік жолдағы бағытымды ашып бергендеріне ризашылығымды білдіремін. Олар да менің жетістіктеріме дән риза деп ойлаймын. «Астана» командасында қызмет ететін барлық қызметкерлерге басымды иемін!

Facebook VK Twitter Google Pinterest Email Print
Tags
TOUR DE SUISSE MICHAELSEN ZEITS BIZHIGITOV CRITéRIUM DU DAUPHINé FUGLSANG LUTSENKO SANCHEZ SEDOUN CORT IZAGIRRE FOMINYKH BALLERINI BALOISE BELGIUM TOUR CRITERIUM DU DAUPHINE TOUR OF NORWAY GIRO D'ITALIA LOPEZ VINOKUROV BILBAO BOARO STALNOV GIDICH HIRT SHEFER CATALDO ZANINI MARTINELLI FOOD & LIFE AMGEN TOUR OF CALIFORNIA DAVIDE BALLERINI JONAS GREGAARD HUGO HOULE INFINITY BIOTECH ION IZAGIRRE DE VREESE ARGON 18 TOUR DE ROMANDIE KUDUS VILLELLA ESCHBORN-FRANKFURT CONTRERAS LIEGE-BASTOGNE-LIEGE JAKOB FUGLSANG OMAR FRAILE TOUR OF THE ALPS LA FLECHE WALLONNE GORKA IZAGIRRE BAZAYEV YAKOVLEV AMSTEL GOLD RACE PARIS-ROUBAIX PRESIDENTIAL CYCLING TOUR OF TURKEY ITZULIA BASQUE COUNTRY FRAILE TOUR DES FLANDRES LAURENS DE VREESE GRAN PREMIO MIGUEL INDURAIN RONDE VAN VLAANDEREN A TRAVERS LA FLANDRE ZHANDOS BIZHIGITOV INTERVIEW WORLD TOUR RECORD DWARS DOOR VLAANDEREN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA GENT-WEVELGEM IN FLANDERS FIELDS E3 BINCKBANK CLASSIC MAGNUS CORT DRIEDAAGSE BRUGGE-DE PANNE DMITRIY GRUZDEV GREGAARD WILSLY MILANO-SANREMO TIRRENO-ADRIATICO ALEXEY LUTSENKO PARIS-NICE DARIO CATALDO LUIS LEON SANCHEZ MIGUEL ANGEL LOPEZ FOFONOV ASTANA PRO TEAM STRADE BIANCHE TOUR DU RWANDA KUURNE-BRUSSELS-KUURNE GRUZDEV OMLOOP HET NIEUWSBLAD UAE TOUR OMLOOP HET NIEUWSBLAD ELITE KUURNE-BRUXELLES-KUURNE NIKITA STALNOV MERHAWI KUDUS VUELTA A ANDALUCIA TOUR OF RWANDA TOUR OF OMAN TOUR DE LA PROVENCE CLASICA DE ALMERIA CENGHIALTA TOUR COLOMBIA 2.1 VUELTA CICLISTA A MURCIA ARBERAS CLASICA ALMERIA VOLTA A LA COMUNITAT VALENCIANA SIXTUS ITALIA PELLO BILBAO RODRIGO CONTRERAS CADEL EVANS GREAT OCEAN ROAD RACE MELBOURNE RACE WOLFPACK SANTOS TOUR DOWN UNDER ZAKHAROV DOWN UNDER CLASSIC NORTHWAVE KOZHATAYEV TLEUBAYEV VALGREN KANGERT GATTO HANSEN MOSER CHERNETSKII KORSAETH GRIVKO MINALI BOHORQUEZ GREE-TOUR OF GUANGXI HOULE VILLELA WILSLY TOUR OF GUANGXI IL LOMBARDIA GRAN PIEMONTE TRE VALLI VARESINE MILANO-TORINO GRAN PREMIO BRUNO BEGHELLI GIRO DELL'EMILIA TOUR OF ALMATY UCI ROAD WORLD CHAMPIONSHIPS ASTANA LA VUELTA VUELTA A ESPANA GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTRéAL GRAND PRIX CYCLISTE DE QUéBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE QUEBEC GRAND PRIX CYCLISTE DE MONTREAL GP DE FOURMIES BRUSSELS CYCLING CLASSIC GREGAARD BRETAGNE CLASSIC TOUR POITOU-CHARENTES EN NOUVELLE AQUITAINE EUROEYES CYCLASSICS HAMBURG BINCK BANK TOUR CHERNETSKI TOUR POITOU-CHARENTES VALGEN ARCTIC RACE OF NORWAY VUELTA A BURGOS TOUR DE POLOGNE NATAROV TOUR OF DENMARK CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIA CLASICA CICLISTA SAN SEBASTIAN RIDELONDON-SURREY CLASSIC TOUR DE FRANCE PRUDENTIAL RIDELONDON TOUR OF AUSTRIA ITT ESTONIA ROUTE D'OCCITANIE TOUR DE L'AIN SANGEMINI LIMAR TOUR DE YORKSHIRE TOUR OF YORKSHIRE TOUR OF CROATIA FLECHE WALLONNE SCHELDEPRIJS TOUR OF FLANDERS GENT-WEVELGEM RECORD BANK E3 HARELBEKE MASSIGEN VOLTA CICLISTA A CATALUNYA1 LE TOUR DE LANGKAWI TIRRENO ADRIATICO COMPRESSPORT ABU DHABI TOUR ROYAL BERNARD DROME CLASSIC KUURNE-BURXELLES-KUURNE CLASSIC DE L'ARDèCHE RHôNE CRUSSOL MICHAEL VALGREN RUTA DEL SOL TOUR DU HAUT VAR OSCAR GATTO TROFEO LAIGUEGLIA VUELTA A ANDALUCIA RUTA CICLISTA DEL SOL GRANADA DUBAI TOUR VUELTA A MURCIA RICCARDO MINALI PEOPLE'S CHOICE CLASSIC SUPEROP SIDAS LOPEZ MORENO ASTANA TEAM TOUR OF TURKEY ARU CHERNETCKII BRESCHEL CHARITY TOUR OF BURABAY CYCLASSICS HAMBURG KORSæTH CORT NIELSEN CHENGHIALTA LAUK KAZAKHSTAN NATIONAL CHAMPIONSHIPS KAMYSHEV ROUTE DU SUD CHERNESTKII GP DU CANTON D'ARGOVIE TIRALONGO MICHELE SCARPONI MICHAELSHEN TOUR OF CALIFORNIA SCARPONI LIèGE – BASTOGNE – LIèGE LIèGE-BASTOGNE-LIèGE LA FLèCHE WALLONNE FARNESE GROUP DMITRIY FOFONOV ALEXANDR VINOKUROV LARS MICHAELSEN VUELTA CICLISTA AL PAIS VASCO E3 HARELBEKE RUSLAN TLEUBAYEV MATTI BRESCHEL ASIAN ROAD CYCLING CHAMPIONSHIPS FABIO ARU GIUSEPPE MARTINELLI VOLTA AO ALGARVE ANDRIY GRIVKO STEFANO ZANINI ASIAN TRACK CHAMPIONSHIPS ARTYOM ZAKHAROV ASTANA PROTEAM CORIMA FSA MIGUEL LOPEZ CALPE TRAINING CAMP CYCLING JANUARY NEW SEASON UCI WORLDTOUR WORLDTOUR AUSTRALIA TOUR DOWN UNDER KAZAKHSTAN PRESENTATION 2017 GUARDINI SMUKULIS PARIS-TOURS CHERNETSKIY ROSA NIBALI ENECO TOUR BOOM STANGELJ SLONGO VUELTA A ESPAñA AGNOLI VANOTTI AYAZBAYEV OLYMPIC GAMES ROAD RACE CLASICA SAN SEBASTIAN VINOKOUROV MALACARNE CAPECCHI GIRO TANEL KANGERT ITALY SWISS WESTRA ARGENTINA TOUR DE SAN LUIS TDU SANTERO SAN LUIS SPAIN VUELTA ESPANA SANCHEZ GIL CHINA

Sponsor

Partners